Лента новостей

Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті

ҚТЖ баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Ақмола облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz  сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 16 қарашада сағат 12:50-де Астана – Қарағанды ​​учаскесінде болған.

"Жүк пойызының өтуі кезінде вагондардың рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Басқа пойыздарға кідіріс болған жоқ. Пойыздар іргелес жол бойымен жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Рельстен шығу салдарын жою үшін Астана және Қарағанды ​​станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді.

Сурет: видеодан скриншот 

Просмотров (2092)
ТопДок 1