Лента новостей

Жамбыл облысында 44 оқушы мен екі мұғалім уланып қалды

35 адам медициналық көмек алып жатыр.

2023 жылғы 7 қараша күні Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 44 оқушысы мен 2 мұғалімі улану белгілерімен Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруден кейін 11 оқушы үйіне қайтарылды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алып жатыр.

Ведомство балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді.

"Бұл факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды"- делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Министрліктің баспасөз қызметі мәселенің мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Сурет: akorda.kz

Просмотров (1953)
ТопДок 1