Көкпекті ауданында мас жасөспірім полиция қызметкерлерінен көлікпен жасырынуға тырсқан.
Алдыңғы түні полиция қызметкері "ВАЗ" жүргізушісінен тоқтауды талап еткен еді. Алайда тоқтаудың орнына жас жігіт жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқандықтан оның артынан қуу басталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автөкөлік қозғалысын 20 минут бойы жалғастыра берген. Инспекторлар қызметтік УАЗ-бен жолды жауып, көлікті тоқтата алды.
Тізгінде 17 жасар жасөспірім мас күйінде болған.
Жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірім үшін ата-анасы жауапкершіліктен босатылмайды.
Сурет: ашық дереккөздерден