Лента новостей

Шемонаихада жанармай құю станциясында жарылыс болды

Екі адам күйік алып, олар ауруханаға жеткізілді.

22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттен 5 бірлік техника жойылды.

Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылды.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Просмотров (2458)
ТопДок 1