Лента новостей

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды

Бұл ақпарат ТЖМ ресми сайтында жарияланды. 

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша ТЖ вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жариялады.

Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.

Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

Просмотров (1678)
ТопДок 1