Лента новостей

Бородулиха ауданындағы өрт оқшауланды

Бұл туралы облыстық әкімдіктің Telegram-каналында жазылды.

Абай облысының аумағында орман өрті 18:32-де оқшауланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда қауіп әлі де бар. Өрт оқшауланғанымен, сөндірілген жоқ.

 "Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында секундына 15-20 метрге дейін екпіні бар солтүстік-шығыс жел күтіледі.

Өрттің таралуын тежеу жұмыстары жалғасуда. Бородулиха ауданы аумағының аэровизуалды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (1904)
ТопДок 1