Лента новостей

Абай облысының тұрғыны 100 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

Ол "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс- шарасын өткізу барысында ұсталды

Көкпекті ауданынан Семей қаласына 100 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 сәуір күні  "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс- шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері  "Алматы – Өскемен" тасжолының 912 шақырымында Абай облысының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы TOYOTA автокөлігін  тоқтатады.

Тексеру барысында  көлік жүк салғышынан арнайы рұқсат ету құжаттары жоқ 2 мөшек пен 7 полиэтилен пакетке салынған 100 келіден астам әртүрлі мұздатылған балық табылған, - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта жиналған материал Абай облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Просмотров (2131)
ТопДок 1