Лента новостей

Семейде мектеп оқушылары өз құрдасын аямай соққыға жықты

Қыз балалар өз құрдастарын ұрып жатқанын бейне жазбаға да түсірген.

Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында қаланың білім беру мектептерінің бірінің оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салған бейнежазба орнатылды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Семей қаласында болған. 15 сәуірде ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізілуде. Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды, - деді Семей қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.
 

Сонымен қатар, полиция департаменті әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

Сурет: ашық дереккөздерден алынған

Просмотров (2280)
ТопДок 1