Көксу ауданындағы жазатайым оқиға әсерінен 1 адам қаза тапты
Жетісу облысының Көксу ауданында қазандық жарылды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 1 сәуірде таңғы сағат 8.52-де Қазақстан ауылында болған. Жалпы ауданы 22 шаршы метр болатын қазандық жарылған.
Жазатайым оқиға кезінде бір жұмысшы қаза тапқан.
"Қазір қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталып жатыр", - деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.
Сурет: Tengrinews.kz