Лента новостей

Абай облысы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты

Күдікті қамауға алынды.

Абай облысы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды облыс тұрғынынан тапты, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жерін тінту кезінде 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды, (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленген Аягөз ауданының тұрғыны ұсталды .

Аталған факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жағдайлар анықталып жатыр.

Просмотров (1199)
ТопДок 1