Электрондық поштаға анонимді дереккөз хабарлағандай, әкімшілік ғимаратта бомба орнатылған.
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында "102 "арнасына белгісіз адамнан облыс орталығының сотына бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматтарды сот ғимаратынан эвакуациялап, барлық шұғыл қызметтер дереу аталған жерге жұмылдырылды. Тексеру жұмыстары, бұл ақпарат жалған екенін анықтады.
Абай облысының полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында көзделген терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Ол бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.