Абай облысында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24.11.2022 жылы сағат 07:00 шамасында Астана қаласының тұрғыны Семей қаласы арқылы "Kia" маркалы автокөлігімен "Омбы-Майқапшағай" автожолының 702 шақырымында келе жатып, алдыда тұрған "КамАЗ" маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол берген. ЖКО салдарынан "Kia" маркалы автокөліктің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 - бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соғуы)", − деп хабарлайды полиция департаменті.
Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
Фото: Instagram/@oo_osa_semey_vko