Лента новостей

Президент Олжас Бектеновтің кандидатурасын қабылдады

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Былтыр Бектенов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Антикор басшысы қызметін атқарып келген.

Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кеткен болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді.

Сурет: Aqorda.kz

Просмотров (4117)
ТопДок 1