Лента новостей

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы сайланды

Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жұмағали былтыр наурыздан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (4857)
ТопДок 1