24 сәуірде Семей қаласында №20 мекеме ауданында "Көктем-Антитеррор 2026" атты арнайы оқу-жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жжасап.
Іс-шара облыстық терроризмге қарсы жедел штабтың бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп өтуде. Негізгі мақсат - түрлі қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дайындығын арттыру.
Оқу-жаттығу барысында шынайы жағдайларға барынша жақын сценарийлер пысықталуда.
Айта кетейік, шара кезінде қалада уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындар мен қонақтардан түсіністік танытып, қауіпсіздік талаптарын сақтауы сұралады.
Фото: ЖИ
