Лента новостей

Семейдегі сауда үйлерінің санитарлық жағдайы сынға ұшырады

сын, саудаүйлар, талапқа, сай, емес

Абай облысының әкімі Берік Уәлинің тапсырмасына сәйкес, Семей қаласының әкімі Әділет Қожамжаров сол жағалауда орналасқан бірқатар сауда нысандарын аралады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, қала басшысы "Жаңа базар", "Океан", "Мереке" және "Южный" сауда үйлерінде болып, кәсіпкерлермен және нысан жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аталған сауда орындарының санитарлық талаптарға толық сәйкес келмейтіні анықталды. Сонымен қатар, ғимараттардың сыртқы келбеті мен инфрақұрылымының ескіргені де айтылды. Бұл кемшіліктер тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасына кері әсерін тигізіп отырғаны атап өтілді.

Қала әкімі нысан басшыларына санитарлық жағдайды жақсарту, сауда орындарының сыртқы келбетін ретке келтіру және кешенді жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Жауапты тұлғаларға белгіленген талаптарды қысқа мерзімде орындау қажеттігі ескертілді.

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі видеодан скриншот

Просмотров (286)
ТопДок 1