Лента новостей

"Жаңа адамдар" қозғалысы: белсенді жастар қалай өзгеріс жасап жүр

Жаңа адамдар, қозғалысы, жастар

Жасампаздық, жаңашылдық және жеке жауапкершілік құндылықтарын басты бағдар ететін "Жаңа адамдар" қозғалысы көшбасшыларымен танысып, сұхбаттасу реті түсті дейді Arnapress.kz тілшісі. 
Инстаграм желісінен Жаңа адамдар парақшасы елең еткізбей қоймайды. Атауы да ерекше. 
Қозғалыс қоғамдық өмірге шынайы қатысуға деген сұранысқа жауап ретінде пайда болған екен.  "Жаңа адамдар" бүгінде Қазақстанның 19 қаласында мыңдаған белсенді жасты біріктіріп отыр.
Азамат болу — ел ішінде болып жатқан үдерістерге бейжай қарамау және өзгерістерге өзіңнің қатысың бар екенін сезіну. Бұл — жеке "мен" мен Қазақстан арасындағы қашықтық жойылатын күй. Әділетті әрі тұрақты мемлекет белсенді азаматтық қоғам негізінсіз мүмкін емес. Сондықтан Президент халықпен тікелей диалог орнатуда: мемлекет адамнан, әрбірімізден басталады. Әрбір үндеу — қатысу мен жауапкершілікке шақыру.

"Жаңа адамдар өз кейстерінде заңсыз қоқыс орындарымен күрес, мерзімі өткен өнімдерді сату және кәмелетке толмағандарға алкоголь өткізу мәселелерін көтереді, ықтимал педофилдерді анықтап, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдайды, сондай-ақ Қазақстан бойынша ұзаққа созылған құрылыс нысандарының аяқталуына ықпал етеді. Мысалы, жақында Щучинск қаласында спорт кешенінің, ал Орал қаласында мектептің құрылысы аяқталды. Бұл азаматтық ұстаным мен құқықтық алаңдағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижеге жеткізетінінің, ал сол нәтижені қала тұрғындары пайдаланатынының айқын көрінісі", - дейді қозғалыс баспасөз хатшысы Әбілов Алпамыс 

“Жаңа адамдардың ұстанымы — сананы өзгертудің нақты тетіктерін қалыптастыру. Қоғамдық күн тәртібінде «Заң мен тәртіп» қағидаты айқын естіле бастады, ол: өзгерістер адамнан басталады деген қарапайым ақиқатқа негізделген. Осы тұрғыдан алғанда, Жаңа адамдар — қоғамдық өзгерістердің авангарды”,- дейді қозғалыс көшбасшысы Асель Баденова

Еске сала кетейік, 2023 жылы Жаңа Адамдар жанқияр өрт сөндірушілерге алғысын білдіріп, оларға қолдау көрсетіп, Семей қаласының орталығында, Абай көшесі, 97 мекенжайында жалпы аумағы 150 шаршы метрден асатын "Ерлерімізге рахмет!" деген үлкен баннер ілгені туралы сайтымызда жазған едік. 

Гүлнұр Ахметжан

Фото: Жаңа адамдар көшбасшыларынан

Просмотров (403)
ТопДок 1