Лента новостей

Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды

өрт сөндірушілер

Жаңа өрт сөндіру бекеті Глуховка ауылында жұмысын бастады.

Бесқарағай ауданының Глуховка ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына өңірге жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, мемлекеттік органдар мен өрт сөндіру қызметінің өкілдері, жергілікті тұрғындар, қатысты.

Министр өз сөзінде елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осындай инфрақұрылымдардың маңызы зор екенін атап өтті. Глуховка ауылындағы жаңа бекет заманауи техникамен жабдықталып, кәсіби мамандармен жасақталған.

Мұнда 6 өрт сөндіруші мен 1арнайы техника қызмет етеді. Бекет 581 тұрғын үйді, 2 мектепті, 4 медициналық пунктті, 15 дүкен мен 25 шаруа қожалығын тілсіз жаудан қорғауға арналған.

Бұл нысан төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров (1464)
ТопДок 1