Лента новостей

Семейде жастар жақсылық жасап жарысуда

термос, шай

Өңірде "Кел, шай ішейік!" акциясы өтуде.

Абай облысының қалалары мен аудандарында "Тәтті шәй" акциясы жалғасуда, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсат – жақсылық жасау. Тұрғындар арасында бір-біріне көңіл бөліп, жылулық сыйлауға шақыру.

Жақсылықты жарыса насихаттап жүрген еріктілер әсіресе тазалыққа жауапты коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен тәттілер ұсынып, қуантуда. Сондай-ақ, көшедегі кез-келген адам жастар қолынан дәм тата алады.

"Тәтті шәй" акциясына 200-ден аса ерікті қатысты. Бірнеше күн ішінде олар шамамен 300-ға жуық тұрғынды қуантты. Шара тұрғын үй аулалары мен көшелерді қамтыды.

Еріктілер акция аясында зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көмекке мұқтаж жандардың үйіне барып, үй-жайларын тазалау, аулаларды қардан тазарту сияқты тұрмыстық жұмыстарды атқаруға көмектесті. 

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (2077)
ТопДок 1