Лента новостей

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясына тарифтер бекітілді

Бұйрық 2024 жылғы 21 желтоқсанда қолданысқа енгізіледі.

Энергетика министрі 2024 жылғы 28 қарашадағы бұйрықпен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жеткізуге белгіленген тарифтерді бекітті, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұйрықпен тарифтердің мынадай мөлшері белгіленді:

  • жел электр станциялары үшін-22,68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • қуаты 100 МВт-59,7 теңге/кВтсағ болатын "Астана ЕХРО – 2017" жел электр станциясы үшін;
  • қазақстандық кремний негізіндегі фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін белгіленген тарифті қоспағанда, күн энергиясының фотоэлектрлік түрлендіргіштері үшін-34,61 теңге/кВтсағ;
  • гидроэлектростанциялар үшін-41, 23 теңге/кВтсағ;
  • биогаз қондырғылары үшін-32,23 теңге/кВтсағ.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жеткізуге белгіленген тарифтер "жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" ҚР Заңының талаптары негізінде бекітіледі.

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Просмотров (2281)
ТопДок 1