Қала әкімі көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын салтанатты түрде табыстады.
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 18 анаға "Батыр ана" атағын салтанатты түрде табыстады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Біз алдағы уақытта да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Қала әкімінің қабылдауында болған батыр аналар да өз кезегінде Мемлекет басшысына, облыс және қала әкіміне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс орталығында 5000-ға жуық отбасы көпбалалы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде. Аталған отбасыларда 21 200 бала тәрбиеленуде.
Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі