Лента новостей

"Мерейлі отбасы" республикалық байқауында Абай облысының атын қорғаған Смағұловтар отбасы лауреат атанды

Абай облысы Полиция департаментінің криминалист қызметкерінің отбасы "Мерейлі отбасы" республикалық байқауының жеңімпаздары қатарынан көрінді.

Абай облысының намысын республикалық байқауда қорғаған отбасы лауреат атанды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі

"Мерейлі отбасы" байқауы отбасылық құндылықтарды дамытуға және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға бағытталған. Биыл байқау 11-ші рет өткізілді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 3 369 өтінім берілді.

"Мерейлі отбасы 2024" байқауының лауреаттары Абай облысынан Смағұловтар отбасы атанды.
 

"Әулеттің атасы - Ертай Смағұлов. Ол 1933 жылы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының ардагері. Оның немересі - полиция капитаны Дастан Ерсаев - Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасының аға криминалисі. Ол 2016 жылдан бері Ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінде.
 

Биыл оның отбасы облыстық байқаудың финалына шығып, республикадағы үздік отбасы ретінде таңдалды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі 

Просмотров (1926)
ТопДок 1