Жаңа бағдарлама бойынша ипотека алу үшін құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Тамызда Семей әкімдігі "Отбасы банк" АҚ-мен бірлесіп "Абай жастары" бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар, соның ішінде жас мамандар мен түрлі салада жұмыс істейтін жас отбасылар қатыса алады", - деп хабарлады Семей әкімдігі.
Қала билігі алдағы бірнеше күнде қатысу шарттарын жариялайды. Құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады.
Былтыр мұндай бағдарлама Семейде өткен. Оның көмегімен 41 отбасы баспаналы болды.