Шілденің 23 мен 28 аралығында барлық жолаушылар көлігін тексеру жүргізіледі.
Абай облысы аумағында "Автобус" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған іс шараның мақсаты техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалдаудың жолын кесуге бағытталған.
Жедел-профилактикалық іс-шар кезіңде қала сыртындағы, сондай-ақ қалалар мен елді мекендерде патрульдік полиция нарядтары тығыздығы арттырады.
Абай облысы Полиция департаменті жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі