Лента новостей

Қазақстанда міндетті телеарналар тізімі кеңейтілді

Бұйрық 2024 жылғы 15 мамырдан бастап күшіне енеді.

Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы бұйрығымен міндетті теле-радиоарналар тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, міндетті телерадиоарналардың тізімі екі жаңа телеарнамен толықтырылды:

  • ATAMEKEN BUSINESS
  • НТК

Барлығы тізімге 17 міндетті теле-радио арналар кіреді, оның ішінде:

  • QAZAQSTAN
  • "Хабар"
  • "Хабар 24"
  • "БАЛАПАН"
  • "ABAI TV"
  • "QAZSPORT"
  • "Kazakh TV"
  • "МИР"
  • "Астана"
  • "Алматы"
  • "Еуразия бірінші арнасы"
  • "КТК"
  • "31 арна"
  • "Жетінші арна"
  • "Ел арна"

Бұйрық 2024 жылғы 15 мамырдан бастап күшіне енеді.

Сурет: Zakon.kz

Просмотров (2647)
ТопДок 1