Лента новостей

Ұялы байланыс операторларына нашар интернет үшін айыппұл салынды

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Рудныйда ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Рудный прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтаған.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді", - делінген хабарламада.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша, мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатқан, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалғаны айтылды.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (1572)
ТопДок 1