Лента новостей

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді

Оның мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекспен айқындалады.

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді.  Оның мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекстің 80-ші бабында айқындалады және ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленеді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сай, 1 АЕК - 3 мың 692 теңге болып белгіленген. Алғашқы 3 баласын туғандарға 38 АЕК – яғни 140 296 теңге жәрдемақы тағайындалды. 4-ші және одан да көп бала туғандарға 63 АЕК көлемінде бірретік жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар егер егіз немесе үшем туған болса, жәрдемақы баланың әрқайсысына жеке тағайындалады.

Бұл – бір реттік жәрдемақы мөлшері. Көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы да көбейген.

Әлеуметтік кодекстің 91-бабына сай, оның мөлшері мынадай: 4 балаға шамамен 59183 теңге, ал 5 балаға шамамен 74 мың теңге.

Егер отбасында 8 және одан да көп бала болса, әр балаға 4 АЕК, яғни 8 балаға 32 АЕК (118 144 теңге).

Сурет: Zakon.kz

Просмотров (1994)
ТопДок 1