Лента новостей

Шардан Семейге поездбен 500 теңгеге жетуге болады

Абай облысында жаңа теміржол бағыты ашылды
 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Абай облысының әкімдігі «Семей – Шар», «Ақтоғай – Аягөз» жаңа теміржол бағытын іске қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Семей-Шар» бағытында бір жолаушы үшін жол жүру құны 557 теңге, ал «Ақтоғай - Аягөз» бағытына 650 теңгені құрайды. Ол аптасына бес рет жолға шығады.

Бүгін таңғы сағат 9.14-те Семейден Шарға қатынайтын алғашқы пойыз келді. Бұл бағытта сейсенбіден басқа аптаның барлық күнінде жүреді.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (4168)
ТопДок 1