Лента новостей

Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді

Қалалық әкімдік тасымалдаушы кәсіпорындарға тазалық талабын күшейту туралы тапсырма берді.

Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейдегі қоғамдық көлік жүйесіне 4 автобус паркі қызмет көрсетеді.

Семейліктер автобустардың санитарлық жағдайына жиі шағымданады. Қазіргі уақытта біз тасымалдаушылардың санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауын бақылауды күшейттік. Күн сайын жұмыс басталар алдында автобустардың іші-сырты жуылатын болады.

Сонымен қатар, рейстер арасында ластануына қарай кабина ішін тазалау талабы қойылды. Осы іс-шаралар бойынша тасымалдаушылар күн сайын жасаған жұмыстарының фото, видеосын күні мен уақытын белгілей отырып көрсетіп отырады.


"Егер сізде автобустардың санитарлық жағдайына қатысты ескертулер болса, сіз фото немесе бейнетіркеу жасап, +7 (747) 752-26-84 WhatsApp мессенджеріне жібере аласыз"-  делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (2122)
ТопДок 1