Лента новостей

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 320 мың адам.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 873 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 980 теңге, базалық зейнетақы – 37 893 теңге, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді.

"Оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды", делінген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан хабарында. 

Сурет: ашық дереккөздерден

Просмотров (1996)
ТопДок 1