Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты.
Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін талдауды ескере отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар кіреді:
- дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес),
- эластикалық бинттер,
- таңғыш пакет,
- медициналық бұласыр,
- доғал темір қайшы,
- өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,
- таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі,
- бір реттік мұз пакеті,
- ысқырық, шам,
- дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр,
- блокнот,
- қарындаш,
- дымқыл майлықтар (антисептикалық),
- қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.
Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
"Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде.
Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.
Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі