Лента новостей

Қазақстанда ХҚКО-лар бірқатар қызмет түрін уақытша тоқтатады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 9 маусымнан бастап кейбір қызметтерді көрсетуді тоқтататынын хабарлады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі жағындағы техникалық жұмыстарға байланысты 9 және 10 маусымда еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталығында мынадай қызметтерге өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатады:

  • Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету;
  • Жұмыс істеуге келген иммигрантқа рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу;
  • Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру;
  • Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеу.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (1778)
ТопДок 1