Лента новостей

Семейде Абай облысының құрылуына орай іс-шара өтеді

Қала тұрғындары мен қонақтарын облыстың құрылғанына бір жыл толуына орай мерекелік іс-шараға шақырады.

Іс-шара  8 маусым күні сағат 18:00-де Ертістің оң жағалауында өтеді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында жергілікті өнерпаздардың концерті, бейнероликтер, флешмоб болады. Сондай-ақ, мерекелік шараға жиналған халық бір мезетте Абай облысының эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындайды.

Сурет: tengritravel.kz

Просмотров (1797)
ТопДок 1