Лента новостей

Елорда орталығында жылқы жүрді

Астана орталығында жүрген иесіз жылқы видеоға түсірілді

Астаналықтар иесіз жүрген атты видеоға түсіріп алды. Жануар Қабанбай батыр даңғылынан өтіп, Ботаникалық саябаққа бет алған, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жылқы ешқандай оқыс әрекет жасамаған. Астаналықтар оның әбзелдері де, арқаны да жоқ екенін байқаған.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, оларға Ұлы Дала – Түркістан көшелері қиылысында жылқы жүргені туралы хабар таңғы 8-де келген. Оқиға орнына полиция тобы жіберілді.

"Полиция қызметкерлері жылқыны қауіпсіз аймаққа шығарды. Ақпарат "Астана ветсервиске" жолданды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Сурет: видеодан скриншот  

Просмотров (2192)
ТопДок 1