Оның аясында түрлі бағыттар бойынша 40-тан аса іс-шара көзделген.
Абай облысында Алакөл курорттық аймақты дамытудың "Жол картасы" әзірленді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов мәлімдеді.
Әкім орынбасарының айтуынша, Алакөл көлінде демалыс жағдайларын жақсарту үшін келесі жұмыстар жүргізіледі:
- Жоғары вольтты желісінің құрылысы;
- Көше жарықтарын күн сәулесінен қуат алатын баламалы түрге ауыстыру;
- Жаяу жүргіншілер үшін таза ауыз су бұрқақтарын орнату;
- Ассенизаторлардың жұмысын жүйелендіріп, модульдік және биотуалеттер орнату. Айта кететін жаңалық, осы жылдан бастап бұл қызмет демалушылар үшін тегін болады;
- Жедел басқару орталығына қосыла отырып, бейнебақылаумен толықтай қамтамасыз ету;
- Жер және сәулет-қала құрылысы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтай отырып, аумақты салудың бас жоспарын қайта қарастыру;
- Қатты тұрмыстық қалдықтардың шығарылуын бақылауды күшейту және полигон салу, техника, жаңа урналар мен контейнерлер орнату;
- Туристік аймақта жолдарды жөндеу және Қабанбай ауылының айналма жолын салу;
- Қоғамдық тәртібіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін 50-ден 100-ге дейін көбейту.
- Құтқарушылардың санын көбейтіп, қажетті техникалармен қамтамасыз ету;
- Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қабанбай ауылында өрт депосын салу;
- Қоғамдық жағажайларды жайластыру, банкоматтар орнату, визит-орталығын жандандыру және интернет желесін күшейту;
- Мәдени іс-шараларды өткізу;
- Үржар әуежайының жарық сигналдық жабдығы, бейнебақылау, сыртқы жарықтандыру жүйесін қайта жаңарту;
- Әуежай терминалын реконструкциялау;
- Алматы - Үржар - Семей - Үржар - Алматы бағыттары бойынша рейстер аптасына 2 рет ұшатын болады. Маусым мен тамыз айлары аралығында рейстер аптасына 3-4 ретке дейін ұлғайтылады;
- QAZAQ AIR әуекомпаниясы 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей әуе қатынасын іске қосты;
- 2027 жылға дейін жаңа аймақтарды қоса алғанда, көлдің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізу және т.б.
Сурет: ашық дереккөздерден