Бұл туралы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жеке құрамның қатысуымен өткен кеңес кезінде айтты.
Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жеке құрамның қатысуымен 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жедел кеңесі кезінде, облыс бойынша алдын алу шараларын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі төмендегенін айтты, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаменті бастығының айтуынша, өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Тіркелген, оның ішінде қоғамдық орындарда (-51,3%), көшеде (-55,2%), мас күйінде (-78,4%) және тұрмыс саласында (-85,7%) жасалған қылмыстар санының төмендеуі байқалды.
Қылмыс құрылымына келетін болсақ, қылмыстың басым бөлігі 68,4% –ы мүліктік қылмыстардан тұрады, ұрлықтың жалпы үлесі айтарлықтай болып қалды және шамамен 47% (515-тен 239) құрады. Осы орайда қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі болып қалуда, - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, кездесу барысында генерал-майор полиция жұмысының сервистік моделін кеңінен насихаттау, "полиция- қадамдық қолжетімділікте" қағидаты бойынша жұмысты іске асыру, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын және ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді еске салды.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі