Лента новостей

Жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін

ҚР премьер-министрі өкімінің жобасы жарияланды.

Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 қыркүйектен емес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап арттыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімінің жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

"2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген хабарламада.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 17 сәуірге дейін жалғасады.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (1358)
ТопДок 1