Жол боран мен көрінудің төмендеуіне байланысты жабылды.
Боран мен жол бойындағы көрінудің төмендеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" тасжолының екі бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай өңірі бойынша Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін және ШҚО бойынша Абай өңірінің шекарасынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралықтар жабық.