Бүгін жақын маңдағы аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орындары:
- "Северный" сауда-логистикалық орталығы − Бородулиха ауданы;
- "Jolaman" көтерме-тарату орталығы − Бескарагай ауданы;
- "Baza R" әлеуметтік нарығы − Жарма ауданы.
Қала тұрғындарын, қонақтарын және кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлерін жәрмеңкеге қатысуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалдарсыз қолжетімді бағамен сатып алуға шақырады.
Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі