Лента новостей

Семейде үш күн ішінде 253 құқық бұзушылық анықталды

Семей қаласының аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 2022 жылғы 12 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында Семей қаласының полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте болды.
Шара барысында барлығы 253 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

  • ҚР ӘҚБтК-нің 434 "Ұсақ бұзақылық" бойынша – 28 құқық бұзушы.
  • ҚР ӘҚБтК- "Тыныштықты бұзу" 437-бабы бойынша 30 адам.
  • ҚР ӘҚБтК- 440-бабы "Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орында мас күйінде көріну" 30-дан астам адам.
  • ҚР ӘҚБтК- 608-бабы "Көлік құралын мас күйінде басқару" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 құқық бұзушы ұсталды.
  • ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігі бойынша "Қарсы қозғалыс жолағына шығу" бойынша 1 хаттама жасалды.
  • ҚР ӘҚБтК- "Жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу" 600-бабына сәйкес 57 хаттама толтырылды.
  • ҚР ӘҚБтК- 6 құқық бұзушы
  • 612-бабы "Жүргізу құқығынан айырылған көлік құралдарын басқару" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
  • ҚР ӘҚБтК- "Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы" 615-бабы бойынша – 98 жаяу жүргінші.

Фото: Жайық Пресс

Просмотров (3594)
ТопДок 1