Лента новостей

Семей қаласында 59 түлек "Алтын белгі" иегері атанды

ҰБТ-да ең жоғары 135 балды "Алтын белгісінің " иегері жинады.

Семейде 59 түлек "Алтын белгі" иегері атанды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2023 жылғы 18 мамыр 5 шілде аралығында электронды форматта өткізілді, түлектер қорытынды ҰБТ-ны екі рет тапсырды. Екі мүмкіндік те мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін жарамды.

Түлектер тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.

Семей қаласы бойынша мектепті барлығы 2 045 оқушы бітірді, оның ішінде 1 871 түлек ҰБТ тапсырды.

59 мектеп бітіруші  "Алтын белгі" иегері атанса,169 түлек мектепті үздік аттестатқа аяқтады.  

"Алтын белгі" иегерлерінің ҰБТ орташа балы - 99,8 балды құрады. Ең жоғары 135 балды , "Алтын белгісінің " иегері Зарипова Аружан жинады.

Жалпы Семей қаласы бойынша 271 түлек 100-ден жоғары балл алды.

Сурет: ашық дереккөздерден 

Просмотров (1990)
ТопДок 1