Лента новостей

Абай облысының бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады

2023-2024 оқу жылынан бастап Абай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бастауыш сынып оқушыларынан бөлек, 350 балабақшада көпбалалы отбасылардан 5 700 бала тегін тамақтана алатынын атап өтті.

"Осы санаттағы балалар қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға тегін барады. Қамқоршыларға 600 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеуге 200 млн теңге қарастырылған", - деді Шалқар Байбеков.

Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2027 жылға дейін облыста 9500 орындық 18 мектеп салынады.  Атап айтқанда, Семейде 5 мектеп салу жоспарлануда.

"Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 87 жаңа кабинет жабдықталады, сондай-ақ 11 ауылдық мектепте автобустар сатып алынады. Бұдан басқа, ағымдағы жылы 8 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіліп, Абай облысының 85 мектебіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі",- деп атап өтті Шалқар Байбеков.

Сурет: kazan.prufy.ru

Просмотров (2125)
ТопДок 1