Лента новостей

1 cәуірден бастап мектепке бару үшін құжаттар қабылданады

Сәуірден бастап 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталмақ.

Мектепке бару үшін құжаттарды 1 сәуірден 1 тамызға дейін Еgov.kz электрондық үкімет порталы және e.Bilimal жүйесі арқылы электронды форматта тапсыруға болады, - деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі

Мектептер 1-сыныпқа 6 жастан және 2023 жылдың соңына дейін 6 жасқа толған балаларды қабылдайды. Қызмет көрсету аймағы мектептерде бекітілген. Сондай-ақ, мектеп тұрғылықты мекен-жайға сәйкес келмесе де барлық білім алушылар үшін қызмет қолжетімді болмақ.

Гимназия мен лицейге қабылдау кезінде 15 маусымға дейін балалармен әңгімелесу жүргізіледі. Ал, мектепалды даярлық сыныбына қабылдау – 1 тамыздан басталады.

Сурет: ашық көздерден

Просмотров (1966)
ТопДок 1