Лента новостей

Семейде халықаралық Сабантой мерекесі өтеді

сабантой, Семей, татар, мереке

2027 жылдың маусым айында Семей қаласында XVII республикалық халықаралық Сабантой мерекесін өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің "Милли Шура" Дүниежүзілік татар конгресі төрағасының орынбасары, Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресі төрағасы Тауфик Кәрімовпен және конгресс өкілі Рафаэль Хазиповпен кездесуі барысында айтылды.

Кездесуде тараптар алдағы мерекенің маңызын талқылап, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар Сабантой аясында Абай облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар іс-шара өткізу көзделіп отыр.

"Сабантой – татар және башқұрт халықтарының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін дәріптейтін, халықтар арасындағы бірлік пен достықты нығайтатын айтулы мереке. Оның Семей қаласында ұйымдастырылуы өңірдегі этносаралық келісімді нығайтуға, мәдени байланыстарды кеңейтуге және өзара ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, бүгінде Абай облысында 12 мыңға жуық татар ұлтының өкілі тұрады. Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің қызметі мен мәдени іс-шаралар қоғамдағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға елеулі үлес қосып келеді", - делінген хабарламада

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (340)