Лента новостей

Alina Group Таразды көгалдандыруға 3 750 000 теңге инвестициялады

Alina Group

Alina Group 27 қыркүйекте Тараз қаласы күнін мерекелеу аясында Alina Paint эко-бояулар брендінің қамқорлығымен Ұлы Дала (Әулие ата) жаңа ауданындағы аумақтарды көгалдандыру бойынша ауқымды экологиялық акция өткізді.

Еріктілер мен Компания қызметкерлерінің күшімен 450 кең жапырақты терек, сәнағаш және шаған көшеттері отырғызылды, қыркүйек айының соңына дейін тағы 200 көшет отырғызылады. Ағаш отырғызу Тараз қаласының тұрғындарына Қала күніне арналған сыйлық қана емес, жасыл демалыс аймақтарын құру және заманауи салауатты қалалық ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

Тараз қаласында Alina Group қуатты инфрақұрылыммен ұсынылған: құрғақ құрылыс қоспалары мен тіл-ойық тақталарын шығаратын екі зауытпен, сауда филиалымен және Қаратау қаласындағы гипс карьерімен.

"Бізге адамдардың біз жұмыс істейтін өңірлерде қалай өмір сүріп жатқаны маңызды және біздің сатып алушылар тұратын ортаны жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Қазақстандықтардың 10 пәтерінің 8-дегі әрлеу Alina Group өнімдерімен жасалған, бұл біздің негізгі қызметіміздің шеңберінен тыс да игілік жасауға міндеттейді. Компания 750 көшет сатып алуға 3 750 000 теңге жұмсады. Филиалдың 50-ден астам қызметкері ағаш отырғызуға қатысу мүмкіндігін қуана қолдады", − деп атап өтті Тараз қаласындағы Alina Group филиалының директоры Марат Тәшімов.

Компанияның ESG-бастамалары Alina Paint лак-бояу өнімдері брендінің платформасында кеңінен ұсынылған. Бренд дәстүрлі түрде әлеуметтік және экологиялық бастамаларды қолдайды. Мысалы, 2025 жылдың жазында Алматы хайуанаттар бағына экологиялық таза материалдардан жасалған және Alina Paint эко-бояуларымен боялған, қонақтарға арналған креативті демалыс орындары сыйға тартылды.

Компанияның барлық ESG-жобалары Туралы ресми сайтынан білуге болады:

https://alina.kz/about/live/bisnes-eko/

Еске салайық, Alina Group 2024 жылы Nippon Paint әлемдік алпауыт құрамына кірді, бұл компанияның нарықтағы орнын нығайтып, озық технологиялар мен халықаралық тәжірибеге қол жеткізуге мүмкіндік ашты.

Ақпаратты Alina Group баспасөз қызметі ұсынды

Теги: ,
Просмотров (133)
ТопДок 1