Лента новостей

24 қыркүйектен бастап ескі бес мыңдық купюраларды дүкендерде қабылдамайды

бес мың теңге

Бірақ алаңдаудың қажеті жоқ: ақша "жойылып" кетпейді.

24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттарды дүкендерде және қызмет ақысын төлеу кезінде қабылдамайды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ескі және жаңа 5000 теңгелік купюралар 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін қатар айналымда болады және оларды барлық жерде қабылдауға міндетті. Алайда 25 қыркүйектен бастап ескі банкноттармен есеп айырысу мүмкін болмайды. Дегенмен ақша жоғалмайды: оларды жаңа банкноттарға айырбастауға болады.

2011 жылғы купюра:

Қазақстандағы кез келген банк және "Қазпошта" бөлімшелерінде мұндай айырбастау үш жыл бойы жүргізіледі. Ал Ұлттық банк филиалдарында – кез келген уақытта, тіпті бірнеше жылдан кейін де өткізуге болады.

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 5000 ТЕҢГЕ БАНКНОТ: 

Өткен жылы Ұлттық банк ескі және жаңа банкноттардың қатар айналым мерзімін 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартқан болатын. Енді бұл мерзім қайта ұзартылмайды: аталған күннен кейін ескі 5000 теңгелік банкноттар айналымнан түбегейлі шығарылады.

Сурет: depositphotos.com, nationalbank.kz 

Просмотров (217)
ТопДок 1