Ауа-райына байланысты ескерту жасалды.
Алматыда алдағы күндері қар жаууы мүмкін. Осыған байланысты әкімдік өкілдері жүргізушілерге ескерту жасап, қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі,- деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап
Әкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Алматыда 5-8 қараша аралығында жаңбыр, ал 7 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы +2°C-қа дейін төмендейді.
"Су басу мен көктайғақтың алдын алу үшін 490 арнайы техника және 1120 жұмысшы жұмылдырылды. 6 қараша кештен бастап жолдарда 160 құмшашыратқыш кезекшілік етеді", - делінген ведомство хабарламасында.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 6 қарашада күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +16°C болғанымен, жаңбыр жауады, түнде +8…+10°C.
7 қарашада жаңбыр соңы қарға ұласып, ауа температурасы +2°C- қа дейін төмендейді. Осыған орай әкімдік өкілдері жүргізушілерді жазғы дөңгелекті қысқыға ауыстырып, көктайғаққа байланысты сақтық шараларын сақтауға, ал жаяу жүргіншілерді тайғақ тротуарларда абай болуға шақырды.
Сурет: pixabay.com