Лента новостей

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері суық антициклон солтүстік аймақтарына әсер етуді жалғастырады.

Синоптиктер Қазақстанда 15, 16 және 17 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың айтуынша, суық антициклон елдің солтүстік аймақтарына әсер етуді жалғастырады. Жауын-шашын тоқтағанымен, термометр бағандары алдағы түндерде минус мән көрсетеді. Алайда, күндізгі уақытта күн әлі жылы болады - 17 қазанда солтүстікте 5-10 градус жылы күтіледі.

"Шығысқа қарай жылжыған антициклон түнде және күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі, ал оңтүстіктен жылы ауа массаларымен бетпе-бет келгенде, температуралық қарама-қайшылықтан тек тауларда ғана емес, сонымен қатар қалған оңтүстік-шығыс облыстарда жаңбыр соңы қарға ұласады", - делінген хабарламада.

Алдағы күндері суық антициклон солтүстік аймақтарына әсер етуді жалғастырады.

Сурет: ашық дереккөздерден

 

 

Просмотров (3059)
ТопДок 1