Лента новостей

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Синоптиктер Қазақстанда 18, 19 және 20 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Оңтүстік циклон әсерінен барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

"Жаңбыр, күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда - 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градус цельсийге дейін шамалы көтеріледі", - дейді метеорологтар.

Сурет: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Просмотров (4247)
ТопДок 1