Лента новостей

Қазақстанның екі өңірінде ірі су қоймалары 100%-ға толды

Ведомство ақпаратынша, су қоймаларында жиналған су ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылдың 2 мамырындағы ағымдағы жағдай бойынша еліміздің су қоймаларындағы ахуал туралы айтты,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 100%-ға толған:

  • Ақмола облысында екі ірі су қоймасы;
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы.

Сондай ақ ведомствода еліміздің басқа өңірлеріндегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер ұсынды:

  • Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы;
  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%;
  • Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%;
  • БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толды;
  • Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%;
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.

"Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі",- деп толықтырды ведомства баспасөз қызметі.

Сурет: unsplash

Просмотров (2693)
ТопДок 1